Размер шрифта:
Филология пәндеріне жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілдері мұғалімдерінің секциялық отырысы
23-08-2016 11:25
Филология пәндеріне жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілдері мұғалімдерінің секциялық отырысы

        2016 жылдың 23 тамызында Н.Нұрмақов атындағы ММИ Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі аясында «Үздік педагогикалық тәжірибені зерделеу, жинақтау және тарату білім беру үдерісіндегі білім мазмұнын жаңартуды әдістемелік қамтамасыз ету ретінде» тақырыбында филология пәндеріне жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілдері мұғалімдерінің секциялық отырысы өтті.

        Филология пәндерінің мұғалімдеріне арналған секциялық отырыстың мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілдері бойынша білім сапасын арттыру, үздік педагогикалық тәжірибелерді зерделеп, іс-тәжірибеде қолдану міндеттерін айқындау.

       Секциялық отырыс барысында Қарағанды, Теміртау, Сарань, Сатпаев  қалалары,  Абай, Осакаровка аудандары педагогтерінің білім беру мазмұнын жаңартудағы ақпараттары, шеберлік сыныптары, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша тренингтері   тыңдалып, назарға алынды. Барлық баяндамалар мен шеберлік сыныптар маңызды тәжірибелік сипатқа ие болды және тыңдаушылардың қызығушылығын туғызды.

Бұл іс-шараға барлығы 46 адам қатысты.