Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2016 жылдың 23 тамызында Нұрмақов атындағы ММИ «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шығармашыл, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда бейнелеу өнері және технология сабақтарында кәсіби бағдар берудің рөлі» тақырыбында облыстық секциялық отырысын ұйымдастырып өткізді. Облыстық секциялық отырысына білім беру бөлімдерініңтехнология және көркем-эстетикалық пәндер бірлестігіне жетекшілік ететін әдіскерлер, әдістемелік бірлестік жетекшілері мен мамандандырылған мектеп-интернат мұғалімдері қатысты. Барлығы 32 педагог қатысты.
Отырыс мастер-класс түрінде өтті: «Талантты және дарынды балаларды дамытудағы байқаулардың, шығармашылық көрмелердің рөлі» Турганов Т.Б. Саран қаласының №7 ЖОББМтехнология пәнінің мұғалімі, «Дизайн және көркемдік модельдеу - мұғалімнің технологиялық мәдениетін қалыптастыру негізі»Төлеген Е.Е. Шет ауданының Бұрма ЖОББМ технология пәнінің мұғалімі, «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Өнер» саласындағы білім берудің мазмұны» Сисабаева Э.Б. Қарағанды қаласының №65 ЖОББМ технология пәнінің мұғалімі, «Қосымша білім беруді ұйымдастырудың тиімді жолдары оқушылардың өнерге сүйіспеншілігін дағдыландыру негізі ретінде» Жолбаспаева А.К. Сәтбаев қаласының С.Сейфуллин атындағы гимназияның бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұағілімі, «Өнер сабақтарында көпмәдениетті қағидатты жүзеге асыру шарттарын құру ісінде Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» Абанина О.А. Жезқазған қаласының №3 ЖОББМ технология пәнінің мұғалімі, «Қазақстан халқының мәдени құндылықтары оқушылардың мәдениеттанымдық және эстетикалық құзіреттіліктерін дамытудың құралы» Сахабаева А.С. Балқаш қаласының №16 ЖОББМ технология пәнінің мұғалімі, «Қазіргі мектептердегі технология сабақтарында электронды білім беру ресурстарын пайдалану» Нуянзина С.И. Саран қаласының № 17 ЖОББМ технология пәнінің мұғалімі.
Практикалық бөлімде шеберлік сыныптары өткізіліп, секциялық отырыс қатысушылары тарапынан оң бағаға ие болды.