Размер шрифта:
Білім бөлімдерінің мектепке дейінгі дайындыққа, мектепке дейінгі дайындық мұғалімдеріне сүйемел көрсететін әдіскерлерінің секциялық отырысы
23-08-2016 06:55
Білім бөлімдерінің мектепке дейінгі дайындыққа, мектепке дейінгі дайындық мұғалімдеріне сүйемел көрсететін әдіскерлерінің секциялық отырысы

    2016 жылдың 23 тамызында №93 гимназияда Қарағанды облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі шеңберінде білім бөлімдерінің мектепке дейінгі дайындыққа, мектепке дейінгі дайындық мұғалімдеріне сүйемел көрсететін әдіскерлерінің «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайларында мектепке дейінгі білім мен бастауыш білім сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында секциялық отырыстары өтті. Секциялық отырысқа 31 педагог қатысты. 

    Отырыс барысында білім беру сапасын арттыру шарттары ретінде мектепке дейінгі дайындық сабақтастығы туралы мәселелер қарастырылып талқыланды, соның ішінде балабақша және жалпы білім беретін мектеп жағдайларындағы балабақша мен мектеп сабақтастығының мәселелері жөнінде айтылды. Қатысушылар мектепке дейінгі дайындық бойынша ОӘК танысты.

    Барлық сөйлеулер маңызды, тәжірибелік сипат алды және қатысушылармен қызығушылық таныта тыңдалды.