«Балаларға қосымша білім беруді жаңартудағы инновацмялық үрдістер: теориялық және тәжірибелік аспектілер» тақырыбында қосымша білім беру педагогтарының секциялық отырысы өтті.
23 тамыз күні Қарағанды қаласының №2 ЮНЕСКО клубы Балалар өнер мектебі базасында Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі шеңберінде «Балаларға қосымша білім беруді жаңартудағы инновацмялық үрдістер: теориялық және тәжірибелік аспектілер» тақырыбында қосымша білім беру педагогтарының секциялық отырысы өтті.
Отырысқа облыстың 18 аймағынан 152 педагог қатысты. Секциялық отырыста балаларға қосымша білім беруді дамытудың стратегиялық амалдарын жүзеге асыру бойынша өзекті мәселелер мен «Мәңгілік ел»жалпыұлттық патриоттық идеяны түсіндіру мен оқытуды ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары қарастырылды.