2016 жылдың 6 қыркүйек күні Балқаш қаласындағы «Ер Төстік» балабақшасында «Сырттай балабақша» жобасы аясында «Ойын сеанстарын ұйымдастыру» жайында семинар-практикум өтті.
06-09-2016 04:33
2016 жылдың 6 қыркүйек күні Балқаш қаласындағы «Ер Төстік» балабақшасында «Сырттай балабақша» жобасы аясында «Ойын сеанстарын ұйымдастыру» жайында семинар-практикум өтті.

       2016 жылдың 6 қыркүйек күні Балқаш қаласындағы «Ер Төстік» балабақшасында «Сырттай балабақша» жобасы аясында «Ойын сеанстарын ұйымдастыру» жайында семинар-практикум өтті. Бұл семинарға 20 шақты балабақша әдіскерлері қатысты. Семинар барысында «Развивай-ка» ойын орталығының ұйымдастыру жұмысы, әдіс-тәсілдері көрсетілді. Педагогикалық ұжым ата-аналармен жүргізілетін мобильді орталықтардың іс-шараларымен таныстырып,балабақшамен қамтылмаған ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерімен бөлісті. Педагогтар мен мамандар «Ойын – маңызды іс» атты шебер сабағын ұсынып, ерте жастағы бала дамуының М.Монтессори, Г.Доман, С.Лупанның тиімді әдістерімен таныстырды. Семинар соңында «Тілектер қобдишасы» қатысушылардың ізгі тілектерімен толысып, кері байланыс арқылы ойларын ортаға салды.