2016 жылдың 6 қыркүйегінде Теміртау политехникалық колледжінде «Қазақстан Республикасында дуалды оқытудың стратегиялық алянсы» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізілді.
Теміртау политехникалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары И.Н. Крикуненко жоба қызметінің есебін ұсынды.
Дөңгелек үстел қатысушылары эксперименттің ағымдағы жағдайын, мәселелі сұрақтарды, жобаның болашағы мен 2016-17 жылдардағы дамуын талқылады.
Жобаны талқылауға Қарағанды облысы білім басқармасының, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының, аймақтық кәсіпкерлер палатасының және колледж әкімшілігінің өкілдері қатысты.
Тәжірибе алмасу барысында серіктес колледждер қатарынан Қарағанды машина жасау колледжінің өкілдері болды.