2016 жылдың 15 қыркүйегінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында әлеуметтік серіктестермен бірлесіп жұмыс жасайтын, экперименттік жұмысқа жауапты директордың орынбасарларына арналған «Дуалды оқыту жүйесін енгізу бойынша экспериметті жүргізудегі рефлексия» тақырыбында семинар-жиналыс өткізілді.
Семинар модераторы жоба жетекшісі ҚО ББД ОӘО техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері НартоваТатьяна Георгиевна. Сонымен қатар жоба жетекшісі «Дуалды оқыту жүйесін енгізудегі жаңартылған нормативті-құқықтық алаң» тақырыбындағы баяндама ұсынды.
Семинарды алғысөзбен ҚО ББД ОӘО директорының техникалық және кәсіптік білім беру бойынша орынбасары Асакаева Дана Саламатовна ашты.
Жобаның ғылыми жетекшісі Қонтаев Сәбит Сейітович «Дуалды оқыту жүйесін енгізу бойынша жасалған есептерге ақпаратты-аналитикалық талдама» тақырыбында баяндама жасады.
Семинар барысында «Қарағанды машина жасау колледжінің», «Казахмыскорпорациясы Балхаш политехникалық колледжінің» ақпаратты-аналитикалық есептері тыңдалып, талданды.
Ұсынылған есептерден кейін семинар қатысушылары тәжірибе алмасты, мәселелерді талқылап шешу жолдарын іздеді.