2016 жылдың 15 қыркүйегінде жас маман психологтарға арналған семинар-тренинг өткізілді
15-09-2016 16:34
2016 жылдың 15 қыркүйегінде  жас маман психологтарға арналған семинар-тренинг өткізілді

      2016 жылдың 15 қыркүйегінде білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында жас маман психологтарға арналған семинар-тренинг өткізілді. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарына 13 жас маман қосылды. Семинар жұмысына 20 жас психолог қатысты. Семинар-тренингті ҚО ББД ОӘО әдіскері Т.В. Любчанская және ТжКБ психологтары әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, Қарағанды көп салалы гуманитарлы-техникалық колледжінің педагог-психологы Т.Ю. Шапавалова жүргізді. Семинар қатысушылары коллеждегі психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар бірінші курс студенттерін бейімдеуге арналған  диагностикалық  әдістер қатары сыналды. Жұмыс құжаттарын жүргізудің ерекшеліктері, әдістері мен түрлері де назардан тыс қалмады. Жас мамандар кәсіби тұрғыдан тәжірибе алмасу мақсатында «bilimal.kz» порталындағы  бірлестікке жазылды.