2016 жылдың 19 қыркүйегінде «инженерлі-педагогикалық қызметкерлердің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» саласы бойынша ОӘБ отырысы өткізілді
2016 жылдың 19 қыркүйегінде «Қарағанды тамақтану және сервис колледжінде» инженерлі-педагогикалық қызметкерлердің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» саласы бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізілді.
Отырыс барысында қатысушылар бірлестіктің 2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талдады.
«Тамақтану индустриясы саласындағы модульдік ықпал» тақырыбында ҚО ББД ОӘО әдіскері А.А. Еставлетова баяндама жасады.
Қарағанды коммерциялық колледжінің директоры Р.Я. Бабенко және Қарағанды тамақтану және сервис колледжінің оқу-өндірістік шебері В.В. Вдовина Worldskills 2016 ұлттық байқауы бойынша қорытынды жасады.