«Оқушының оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі» семинары
2016 жылдың 23 қыркүйегінде оқу –әдістемелік орталықтың әдіскерлеріне арналған «Тәжірибеде оқушылардың білім жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін қолдану», «Қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды жазу» тақырыптары бойынша семинар өтті.
Мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқушылар жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесін талқылау, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларының мазмұнындағы өзгерістерге тоқталу.
Семинар барысында қатысушылар ұсынылған міндеттерге сәйкес өлшемдер мен дескрипторларға тоқталып, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларын дайындау, критериалды бағалау жүйесі туралы пікір алмасты.