2016 жылдың 23 қыркүйегінде Қарағанды технико-құрылыс колледжінде «Қазақстанда инклюзивті білім беру: мәселелері және келешеі» тақырыбындағы республикалық семинардың секциялық отырысы өтті.
Қарағанды облысы білім басқармасының өкілі Ахметкаримова Г.К., ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Асакаева Д.С., Қарағанды технико-құрылыс колледжінің директоры Балабекова С.К. семинарды алғысөзбен ашып, қатысушылар жұмысына сәттілік тіледі.
Аталған колледж оқытушылары қатысушылар назарына ерекше білім алу қажеттілігіндегі студенттермен жүргізілген тәрбие жұмысы тәжірибесін ұсынды:
1) Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған студенттердің ыммен ән салуы;
2) Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған студенттер мен ымдау тілін білетін студенттердің біріккен хоры;
3) «Көлеңкелер театры» қойылымынан үзінді;
Сонымен қатар «Қарағанды техника-құрылыс колледжінде инклюзивті білім беруді енгізу бойынша жұмыс тәжірибесінен» баяндама тыңдалып, биология сабағын өндірістік оқытумен кең көлемде біріктіріп жүргізуді көрсету негізіндегі ашық сабақ ұсынылды.
Семинар барысында қосымша білім негізінде ерекше назар аударуды қажет ететін студенттердің көрмелері мен шеберлік сыныптарына экскурсия ұйымдастырылды.
Секциялық отырысқа 35 адам қатысты, оның 15-і әр облыстан келген қонақтар, 20-ы колледж директорлары мен директордың орынбасарлары.