2016 жылдың 7 қазанында Қарағанды теміржол колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім берудегі серіктестік: мәселелері мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Білім басқармасының басшысы Аймағамбетов Асхат Қанатович отырысты алғысөзбен ашып, модераторлық қызмет атқарды.
«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі маман даярлау мәселесі» жайында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директоры Қожахметова Гүлсім Шабдановна баяндады.
Қарағанды тау-кен-индустриалдық колледжінің директоры Ивченко Геннадий Иванович «Қарағанды тау-кен-индустриалдық колледжінде орта мектеп оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында баяндама ұсынды.
Қарағанды теміржол колледжінің директоры Теленков Евгений Андреевич және АҚ «КТЖ – Жүк тасымалының Қарағанды облысы бойынша директоры» Жамиев Данияр Кунжолович «Кәсіби білім беру және жұмыс берушінің қызығушылығы: мәселелер және тиімді әрекет жасау бағыты» тақырыбында баяндама жасады.
Отырыс барысында аталған бағыттың маңызды сұрақтары талқыланды.