2016 жылдың 11-12 қазанындақазақ лигасы көңілді тапқырлар клубының облыстық фестивалі өткізілді
2016 жылдың 11-12 қазанында С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында жастардың шығармашылық қабілетін арттырып, болашақта шығармашылық тұрғыдан дамуына жағдай жасау мақсатында, қазақ лигасы көңілді тапқырлар клубының облыстық фестивалі өткізілді.
Фестивальдің алғашқы күні 14 команда өнер көрсетті: оның үшеуі жоғарғы оқу орындарынан, 2 команда аудандық құрамалар қатарынан және 9 команда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан.
Екінші күні өнер көрсеткен 16 команданың 11-і колледж құрамалары.
Фестиваль ұйымдастырушылары «КТК одағының» Қарағанды облысындағы филиалы.
Көңілді тапқырлар ойынына әділ баға беріп, оң шешім шығарған қазылар алқасының құрамы:
1. Жарылғапов Жансая – филология ғылымдарының докторы, Букетов атындағы ҚарМУ-дың профессоры;
2. Құмар Әділбек – Қазақстан-Қарағанды телеканалының журналисті;
3. Мананбаева Гульназ – «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері;
4. Ерболатұлы Бейбит – Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері;
5. Аукенов Нуртай – «Жайдарман» Қарағанды филиалының көркемдік жетекшісі.
Қазылар алқасы музыкалық орындаушылыққа, актёрлік шеберлікке, әзілдің сапасына баса назар аударды.
Фестивальдің бірінші күнгі қорытындысы бойынша:
Гран-при – Қарқаралы ауданының құрамасы
1 орын – Қарағанды гуманитарлық колледжі
2 орын – Қарағанды политехникалық колледжі
2 орын – «Теміртау» құрамасы
3 орын – Қарағанды машина жасау колледжі
3 орын – Сәтпаев индустриалдық колледжі
Фестивальдің екінші күнгі қорытындысы бойынша:
Гран-при – Қарағанды «Болашак» Академиясы,
1 орын – Қарағанды медициналық колледжі;
2 орын – Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжі ҚЭУҚ
2 орын – Маңызды білім беретін «Болашак» колледжі;
3 орын – Қарағанды коммерциялық колледжі;
3 орын – Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі.