2016 жылдың 20 қазанында Қарағанды политехникалық колледжінде экономика пәндері оқытушылары ОӘБ отырысы өтті
20-10-2016 09:27
2016 жылдың 20 қазанында Қарағанды политехникалық колледжінде экономика пәндері оқытушылары ОӘБ отырысы өтті

    2016 жылдың 20 қазанында Қарағанды политехникалық колледжінде экономика пәндері оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

    Отырыс модераторы қызметін ҚО ББД ОӘО ТжКБ бөлімінің әдіскері Баядилова  Г.К.  атқарды.

   Бірлестік жетекшісі Г. Оспанова отырысқа қатысушы оқытушыларды 2016-17 оқу жылында «Экономика» саласы бойынша өтетін іс-шаралармен таныстырды.

   Экономика, бизнес және құқық колледжінің ҚЭУҚ оқытушылары Жилмасова Г.Ш,  Камалиева Ш.Т «Болашақ маманның кәсіби имиджі» тақырыбындағы баяндаманы презентациялады.

    Қарағанды политехникалық колледжінің оқытушылары А.Т. Тусупова, Г.К. Тунгушпаева, Т.Б. Жапбасовалар «Кәсіпкерлікпен танысу» тақырыбында шебер-сынып өткізді.

    Отырыс барысында тренерлер С.П. Тарасов., А.С. Екижанов кәсіпкерлік дағдысын дамыту бойынша тренинг өткізді.

    Сонымен қатар Қарағанды политехникалық колледжінің оқытушылары баяндамалар оқыды:

•   «Қарағанды политехникалық колледжінде Бизнес-мектеп құру және оның қызметі— студенттің тұлға ретіндегі шығармашылық қабілетін дамытудың мүмкіндігі ретінде»  – Тусупова А.Т., Тунгушпаева Г.К. және Жапбасова Т.Б.

•  «Еңбек нарығы, оның ерекшеліктері және мәселелері»  – Абдрашитова А.Б.

•  «Экономика сабақтарында өткен тақырыпты бекітуге арналған ойын формалары» – Жунусова К.С.

    Отырысқа облыс колледждерінен 49 экономика пәні оқытушылары қатысты.