2016 жылғы 27 қазанда «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №5 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында «Арнайы мектеп-интернат жағдайларында мектепалды және кәсіби-еңбекке даярлықты ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбы бойынша облыстық тәжірибелік семинар өтті.
Семинарға қатысқандар: директорлардың оқу-тәрбиелеу ісі жөніндегі орынбасарлары, әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері, еңбекке баулу пәнінің мұғалімдері және арнайы (түзету) мектеп-интернаттарындағы бастауыш сынып мұғалімдері.
Семинардың аясында арт-терапевтік жаттығуларды пайдалану бойынша шеберлік сабақтары; Кейс-стади әдісін пайдалана отырып мектепалды даярлық сыныбында «Қоршаған әлем», «Қол еңбегі», «Математика» пәндері бойынша біріктірілген сабақтар; 10-сыныптарда кәсіби еңбекке оқыту сабақтары, «Мамандықты таңдау - болашақты таңдау» және «Кәсіби мүмкіншіліктер» тақырыбында факультатив сабақтар өткізілді; «Мамандықтар әліппесіндегі алғашқы қадамдар» тақырыбында балалар жұмыстарының көрмесі және еңбекке баулу мұғалімдерінің педагогикалық жұмыс тәжірибесінің көрінісі ұйымдастырылды.