20 қарашада ҚММ ЖББ ОМ №27 Қарағанды мектебінде инклюзивті білім беру саласында халықаралық эксперттер кездесуі өтті.
Мақсаты: инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда тәжірибе алмасу.
Қатысушылар:Саи Вайранен (Лапландия Университеті), Хеннариика Кангас, мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру орталығының басшысы (Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру орталығы, Рованиеми қаласы), Сауле Каликова, қағамдық саясат мәселелрі бойынша кеңесші (Сорос – Казахстан фонды), Айнур Шакенова, азаматтық ықылас бағдарламасын үйлестіруші, (Сорос – Казахстан фонды), ОӘО өкілдері, қалалық білім бөлімдерінің өкілдері, ЖББ ОМ №27 әкімшілігі мен педагогикалық ұжымы. Кездесу барысында келесідей іс – шаралар атқарылды:
1. Мектеп ішіне саяхат.
2. Арнаулы 2 сыныпта «Сөз түбірі. Мағыналас сөздер» тақырыбында орыс тілі сабағы.
3. 1 арнаулы сыныпта «Теңіз әлемі» тақырыбына мастер – класс.
4. 5 инклюзивті сыныпта «Windows негізгі нысандары» тақырыбында информатика сабағы.
5. Дөңгелек үстел «Финляндияда инклюзивті білім берудегі тәжірибе»