2016 жылғы 28 қазанда Қарағанды қ.«№2 Өнер мектебі-ЮНЕСКО клубы» КМҚК-да өнер мектептерінің көркем бөлімдері және балалар көркем мектептерінің ұстаздарына арналған «Бейнелеу өнерiн оқытудың жалпы жүйесiндегі сәндік-қолданбалы өнердің рөлі. Дәстүр және жаңартпа» атты облыстық семинар-практикум өтті.
Семинарға Осакаров, Абай, Шет, Ақтоғай және Бұқаржырау ауданынан, Теміртау, Сәтпаев, Саран, Шахтинск, Қарқаралы, Қаражал, Қарағанды қалалардан - 45 ұстаз қатысты.
Семинарда Тәттімбет атындағы өнер колледжінің оқытушысы Н.В.Менщикова; Қарағанды қ. №2 Өнер мектебі-ЮНЕСКО клубының педагогтері С.Б. Цыбуля, Ю.П. Ку, В.М. Тукубекова, И.В. Ласеева, Ж.С. Ахат; Теміртау қ. Жұбанов ат. БӨМ оқытушысы Е.В.Мельханова; Қарағанды қ. №1 БКМ педагогі Н.Я.Ворона сәндік-қолданбалы өнер түрінен шеберлік сабақтарын өткізді.