2016 жылдың 01 қарашадан бастап Қарағанды облысының білім басқармасы және Қарағанды облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Дін және білім» тақырыбында білім беру қызметкерлеріне арналған үш күндік семинар өз жұмысын бастады.
Семинар барысында: «Теріс пиғылды діни ағымдар, олардың белгілері және зардабы», «Зайырлылық - мемлекеттік жүйенің және ұлттық қауіпсіздіктің тұғыры», «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнін оқыту қызметін ұйымдастыру нысандары», «Қазіргі қоғамдағы зайырлылық пен діннің қайшы сипаты және білім берудегі көрінісі» тақырыптары қарастырылады.
Мақсаты:
- Тыңдаушыларға зайырлылық қағидатын мемлекет тұрақтылығының басты факторы ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету.
Семинарда Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің педагог қызметкерлері, Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығының бөлім басшылары дәріс оқып, тәжірибе бөліседі.
Семинарға қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, дінтану пәні мұғалімдері және сынып жетекшілер қатысып отыр.