2016 жылғы 3 қарашада облыстық оқу-әдістемелік білімді дамыту орталығының және Шет ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерін практикалық тұрғыда қолдану жолдары» тақырыбында семинар өтті.
Семинар мақсаты – бастауыш сыныпта бағалау және оны рәсімдеу жолдарын тәжірибелік тұрғыда көрсете отырып, тәжірибе алмасу.
Семинар барысында ББ әдіскері Б.Шагирова жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыратын құжаттары туралы тағы да тоқталды. Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясыныңбастауыш сынып мұғалімдердіГ. А. Бабаханова, Г. А. Жанабекова мұғалімдерге «Оқыту және білім берудегі жаңа тәсілдер» тақырыбында шеберлік сынып өткізіп, оқытуда және білім беруде қолданатын жаңа тәсілдерді көрсетіп, топтармен жұмыстар атқарды.
Ю. Гагарин атындағы МЛ бастауыш сынып мұғалімдері Ж. О. Жұмабекова, Р. А. Кельдиярова, Ақой ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Тлеубай Бижан, Ы.Алтынсарин атындағы МГ мұғалімі Ж. Ж. Бокенова бағалау мазмұны және бағалауды рәсімдеу туралы түсіндіріп, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар құрастыру бойынша тренинг өткізді, бастауыш сынып оқушыларына тапсырмалар құрастыру бойынша түрлі практикалық тапсырмалар берілді.
Семинарға ауданның барлық мектептерінен 1 сыныпқа сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.