«Есту қабілеті зақымдалған бастауыш сыныптар оқушыларының түзету – дамыту оқытуын ұйымдастыру және мазмұндау» тақырыбы бойынша отырыс өтті.
04-11-2016 04:17
«Есту қабілеті зақымдалған бастауыш сыныптар оқушыларының түзету – дамыту оқытуын ұйымдастыру және мазмұндау» тақырыбы бойынша отырыс өтті.

      2016 жылғы 4 қарашада «Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған жалпы білім беру мектеп – интернаты» КММ-де  Қарағанды облысының арнайы түзету бастауыш сыныптары мұғалімдері  әдістемелік бірлестіктерінің  «Есту қабілеті зақымдалған бастауыш сыныптар оқушыларының түзету – дамыту оқытуын ұйымдастыру және мазмұндау» тақырыбы бойынша отырыс өтті.

      Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі отырысында есту қабілеті зақымдалған балаларды  қалпына келтірудің  әдістемелік педагогикалық механизмдері көрсетілді, кемістіктің ауыр түрі бар оқушылармен түзету жұмыстарының ерекшеліктері және оқу сабағындағы нашар еститін оқушыларға арналған оқытудың дәстүрлі емес әдісі, «Тұлға арасындағы өзара іс -қимыл әдісін қалыптастыру» қатынас тренингі, «Бастауыш сынып оқушыларының тіл дамыту құралы ретінде саусақ жаттығулары» атты  шеберлік  сабақ өткізілді. Сонымен бірге   «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында арнайы мектеп - интернат бастауыш сынып мұғалімдері жұмысының ерекшеліктері» атты топтық пікірталас пен  әдістемелік құралдардың  көрмесі ұйымдастырылды.