«Мектеп-колледж білім беру жүйесіндегі музыкалық-теориялық пәндердің рөлі» атты облыстық семинар-практикумы өтті.
2016 жылдың 4 қарашасында «Тәттімбет атындағы өнер колледжі» КМҚК базасында стажерлық алаңдардың қызметін ұйымдастыру аясында балалар музыка мектептері мен облыстың өнер мектептерінің музыкалық-теориялық пәндері педагогтеріне арналған «Мектеп-колледж білім беру жүйесіндегі музыкалық-теориялық пәндердің рөлі» атты облыстық семинар-практикумы өтті.
Семинар жұмысына облыстың 18 аймағынан келген 52 педагог қатысты. Музыкалық әдебиет және сольфеджио бойынша ашық сабақтар, мастер-класстар өткізілді.