2016 жылдың 3 қазанында Қарағанды облысы Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектеп мекемесінде «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» және қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, бірінші сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге арналған «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерін практикалық тұрғыда қолдану жолдары» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты- бағалау және оны рәсімдеу жолдарын тәжірбиелік тұрғыда көрсете отырып,тәжірибе алмасу.
Семинар барысында Қалалық білім бөлімінің әдіскері А.К.Чалгинбаева бастауыш сыныптар бойынша жаңартылған білім мазмұнына сәйкес нормативтік-құқықтық құжаттарға тағы да бір тоқталып өтті. Сондай-ақ «Оқыту және білім берудегі жаңа тәсілдер» тақырыбында №1 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ұ. Мамелекова, №2 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сыныпмұғалімі П.Ержанова шеберлік – сағаттарын көрсетті.
№1 жалпы орта білім беретін мектебінің орыс тілі пән мұғалімі Р. Демесинова, № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сыныпмұғалімі Д. Абдиғаппарова «Бағалау мазмұны және бағалауды рәсімдеу туралы» Қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар құрастыру бойынша тренингтер өткізді. Екі мектептің 1-сынып мұғалімдері оқушылар портфолиосы бұрышын ұйымдастырды.
Семинарға №1 жалпы орта білім беретін мектептің, №2 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері белсене қатысты. Жұмыс барысында шеберлік танытқан ұстаздарға семинар соңында «Алғыс хат» пен сертификаттар тапсырылды.