Размер шрифта:
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерін практикалық тұрғыда қолдану жолдары.
04-11-2016 11:40
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерін практикалық  тұрғыда қолдану жолдары.

         2016 жылдың 4 қарашада оқу-әдістемелік орталығы мен аудандық білім бөлімімен Абай ауданының П. Корниенко атындағы ҚББМО КММ-де бірінші сыныптарда сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдерінің семинары өтті.

Семинардың мақсаты процесті практикада қолдану мен бағалау тапсырмаларын әзірлеу бойынша тәжірибелермен алмасу болып табылады.

         П. Корниенко атындағы ҚББМО КММ директорының ОТІ жөніндегі орынбасары Ким Е.Ю. жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру аясында бастауыш мектеп бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды жүргізуге көңіл аударды.  Абай қаласының №14 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Булатова Ф.Ф.«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.

        П. Корниенко атындағы ҚББМО директорының ОТІ жөніндегі орынбасары, критериалдық бағалау бойынша мектеп үйлестірушісі Ким Е.Ю. «Бағалау процесінің мазмұны және бағалау тапсырмаларын құру» тақырыбында баяндама оқып, презентация жасады. П. Корниенко атындағы ҚББМО бірінші санатты 1-сынып мұғалімі Ярус Л.В.«Оқушылардың портфолиолары» сұрағы бойынша сөз сөйледі. Мұғалім портфолио құру талаптарымен таныстырып, портфолиоға жиналған өз оқушыларының жұмыс үлгілері мен оқушылардың оқыту нәтижесі бойынша ата-аналармен кері байланыс ұсынуда осы жұмыстардың маңыздылығын көрсетті.

      Мұғалімдер өткізілген шараны белсене талқылап, аталған оқыту семинарын ұйымдастырғаны үшін өз алғыстарын білдіріп, оның пайдасы мен практикалық жағын атап өтті.