2016 жылдың 03 қараша айында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырымен Ұлытау ауданындағы №1 Ұлытау орта мектебінің базасында 1 сынып мұғалімдеріне арналған «Оқушылырдың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерін практикалық тұрғыда қолдану жолдары» тақырыбында облыстық семинары өтті.
Жалпы білім беретін мектептерден орыс тілі, ағылшын тілі пән мұғалімдері, музыка, дене шынықтыру және көркем еңбек пәні мұғалімдері, барлығы 58 мұғалім қатысып, тәжірибе алмасты.
Семинар мақсаты – бағалау және оны рәсімдеу жолдарын тәжірибелік тұрғыда көрсете отырып, тәжірибе алмасу.
Семинар барысында Ұлытау ауданы білім бөлімінің әдіскері Н.Талипова, №6 Жезді ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімдері Б.Аширбекова, А.Алимжанова, Г.Махаева және №3 Амангелді ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Б.Амантаева, №15 Қарсақбай ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі К.Кенжебековалар өз шеберлік сағаттарын өткізді. Семинарда жаңартылған білім мазмұнына сәйкес нормативтік-құқықтық құжаттар, шеберлік сағатын өткізу, бағалау мазмұны және бағалауды рәсімдеу туралы, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар құрастыру тренингін, оқушылар портфолиосын толтыру бойынша түрлі туындаған мәселелер талқыланды.
Семинар соңында рефлексия бөлімінде, қатысушы мұғалімдер кері байлаыс жасап, семинарға өз бағаларын білдірді.