Размер шрифта:
2016 жылдың 18 қарашасында Қарағанды облысы Білім басқармасымен облыстық алқа мәжілісі өткізілді.
18-11-2016 03:54
2016 жылдың 18 қарашасында Қарағанды облысы Білім басқармасымен облыстық алқа мәжілісі өткізілді.

        2016 жылдың 18 қарашасында Қарағанды облысы Білім басқармасымен облыстық алқа мәжілісі өткізілді. Мақсатты аудитория аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері мен жалпы білім беретін мектептер мен арнайы түзету мектептердің, балалар үйлерінің директорлары болды.

      Алқа екі бөлімнен құралды: семинар және пленарлық отырыс.

       Бірінші бөлімде қатысушылар келесі мәселелерді талқылады: «Айқын» жобасын енгізу және «SAR» жүйесі негізінде оқушылардың білім сапасын диагностикалаудың ортақ жүйесінің мүмкіндіктері туралы», «Электрондық сынып журналын апробациялау», «2017 жылы білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестаттауын жүргізу және 2017 жылғы түлектер үшін ҰБТ-ның жаңа форматы туралы», «Ұлттық білім беру базасы мәліметтерін толтыру қорытындылары туралы», «Сандық білім беру ресурстарын қолдану және «Coursera» порталындағы қашықтықтан оқыту ерекшеліктері».

      Пленарлық отырыстың екінші бөлімі 5 негізгі сұрақты қамтыды: «Білім бөлімдері мен колледждердің облыстағы жалпы орта білім беретін мектептерде кәсіби бағдарлауды жүргізу бойынша бірлескен іс-әрекет қызметі туралы», «Облыстағы білім беру ұйымдарында 2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың 2017 жылға арналған Жол картасын жүзеге асырудың барысы мен міндеттері туралы», «Білім бөлімдері қызметі рейтингісінің 2015-2016 оқу жылындағы қорытындылары туралы», «Жаңартылған білім мазмұнына көшу кезеңінде кадрлық саясатты жетілдіру», «Білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістерді енгізу жобасы туралы».

      Алқа жұмысына облыстан барлығы 473 педагог қатысты, оның ішінде қала/аудан білім бөлімдерінің басшылары-18, оқу-әдістемелік кабинет меңгерушілері-18, колледж директорлары-17, облыстық мамандандырылған мектеп-интернат директорлары-6, облыстық арнаулы мектеп-интернат директорлары-9, балалар үйінің директорлары-10, КБО директорлары-2, жалпы білім беретін орта, негізгі және бастауыш мектеп директорлары-393.