2014 жылдың 21-22 қараша күндері ДО и РОВИ әдіскерлері Қарағанды облысы Осакаровка ауданының мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен, әлеуметтік педагогтармен, педагог-психологтармен, Қарағанды облысы, Осакаровка ауданының бас-жетекшілерімен «Балалар мен жасөспірімдердің білім беру ортасында әлеуметтік негативтің алдын алуды ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар мақсаты: Аутодеструктивті жүріс-тұрыс түрлерінің (суицид) және құқық бұзушылықтың алдын алу, ата-аналар мен балалардың құқықтық мәдениетін арттыру, олардың құқықтарын қорғау және тұрмыстық зорлықтың алдын алу, бала құқықтарын қорғауға жағдай жасаудың нәтижелі жұмыстарын насихаттау.
Балалар – біздің болашағымыз, біз оларға қамқор болмағанда, басқа кім қамқор болсын? Кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысының нәтижелілігін арттыру үшін, өмірдің қатал жағдайларына душар болған балалардың жағдайын жақсарту үшін – бәріміз – қоғам, мұғалімдер, білім бөлімдерінің қызметкерлері, ата – аналар бірлесіп, барлық мәселелерді кеңесе шешуіміз қажет.