2016 жылдың 25 қарашасында Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында және «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатында Ашық есік күні өтті. Бұл іс-шараға инновациялық мектептердің басшылары, Қарағанды облысы педагогтарының Ассоциациясы мүшелері қатысты.
Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында қонақтар мектеп директоры Әшім Е.М. өткізген TED Talks конференцияға қатысты, одан кейін мұғалімдердің ашық сабақтарына, шахмат, музыкалық студия, изостудия, хореография, робототехника сабақтарына қатысты. Сабақтардан кейін оқушылардың жобаларды қорғауын тамашалады. Мектеп мұғалімдері өз жұмысында Khan academy ресурстарын, жаңа сандық технологияларды белсенді қолданады. Мектепте бірнеше жыл көп тілде оқыту жүріп жатыр. География, математика, биология, физика пәндері бойынша сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі.
Бұл күннің екінші жартысында қонақтар «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатында жиналды. Мектеп директоры Дюсетаева К.С. қонақтар үшін мектеп жұмысы туралы презентация жасады. Жиын залында оқушылардың шығармашылық жұмыстары көрмесі, «Ғаламдық сандық азамат» жобасы шеңберінде «Ақылды мектеп» презентациясы өтті. Қонақтар вариативтік сабақтарға, «Болашақ инженерлері» жобасы шеңберінде шеберлік сыныбына, «Қалдық заттарға – екінші өмір» жобасы бойынша шеберлік сыныбына, «Глобальный цифровой мир: «за» и «против» тақырыбындағы дебатқа, қыш-құмыра ісі бойынша шеберлік сыныбына қатысты. «Дарын» бірнеше жыл көп тілде оқыту мектебі болып жұмыс істейді.
Екі мектепте де Ашық есік күнінің бағдарламасы мазмұнды, пайдалы болды, білім беру жүйесін модернизациялау жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру түрлерімен танысуға мүмкіндік берді.