Размер шрифта:
«Шығармашылық идеялар панораммасы»
26-11-2014 11:05
«Шығармашылық идеялар панораммасы»

Облыстық семинар-практикум

Бейнелеу өнері ұстаздарының

«Шығармашылық идеялар панораммасы»

Оқу үрдісінде заманауи технологиялар мен инновациялар оқушылардың танымдық белсенділіктерін танытуға жағдай туғызады және ақпараттық технологиялармен білім берумен қоса, сапаның, вариациялылықтың, білім беру мен тәрбиелеуде саралау және даралаудың қажетті дәрежесін жасайды.  

Білім беру саласындағы қызметкерлердің оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды қолдануда КМҚК «Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» 2014 жылдың 21 қараша күні Қарағанды қаласының №1 БКМ қабырғасында Бейнелеу өнері ұстаздарының «Шығармашылық идеялар панораммасы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді.

 

Семинар – практикумға біздің облыс аймақтарынан  білім беру ұйымдарының бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдері жаңашылдыққа дайын 70 педагог қатысты.

Семинар – практикумға қатысушылар ұсынылған материалды толықтай меңгеруге мүмкіндік беретін пракикалық сабақтар мен шеберлік сағаттарға қатысты.