Размер шрифта:
«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫН ИНКЛЮЗИВТІ БАҒДАРЛАУДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-МЕДИЦИНАЛЫҚ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯНЫҢ РӨЛІ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ
25-11-2016 08:38
«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫН  ИНКЛЮЗИВТІ  БАҒДАРЛАУДА  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-МЕДИЦИНАЛЫҚ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  КОНСУЛЬТАЦИЯНЫҢ РӨЛІ»  ДӨҢГЕЛЕК  ҮСТЕЛІ

     2016  жылдың  25  қарашасында Қарағанды  облысында  инклюзивті білім  беруді  дамыту жөнінде 2016-2019  жылдарға  арналған  Жол  картасын іске  асыру  бойынша іс-шаралар жоспары аясында «Қарағанды облысының  жалпы  білім  беретін  ұйымдарын  инклюзивті  бағдарлауда психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның  рөлі»  дөңгелек  үстелі   өтті.

     Дөңгелек үстелге Қарағанды облысының білім басқармасының, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының, Облыстық психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның,  Қарағанды  қаласының  «№27 ЖОББМ»  КММ жанындағы  ресурстық  орталықтың  өкілдері,  аудандық  және  қалалық білім  бөлімдерінің  әдіскерлері,  инклюзивті  білім  беру бойынша стажерлық  алаңдардың  директорлары  орынбасарлары  қатысты.

   Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында білім беру үдерісінде инклюзивтік тәжірибені психологиялық-педагогикалық-медициналық сүйемелдеуді  ұйымдастыру мәселелері  талқыланды.

   Дөңгелек  үстелдің  жұмысына  барлығы  45  адам  қатысты.