Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2016 жылдың 28 қарашасында №2 Қазақ- түрік лицей–интернатында жаратылыстану-математикапәндерінің мұғалімдері үшін «Іс- тәжірибемізбен бөлісеміз» атты облыстық жоба аясында «Функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді әдіс- тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға облыстық мамандандырылған мектеп интернаттары мен Қарағанды қаласы мектептерінен жаратылыстану- математикапәндері бойынша 60 мұғалім қатысты.
Семинардың бірінші бөлімінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда оқытудың белсенді стратегияларын қолдану, танымдық есептерді шешу қабілеттерін дамыту, іс жүзінде алған білімдерін өз тәжірибесінде, күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйрету мақсатында сабақтар өткізілді.
Семинардың екінші бөлімінде, «БжС технологиясы бойынша, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» шеберлік сыныбында функционалдық сауаттылық тапсырмаларын құрастыру әдістері көрсетіліп, семинар қатысушылары пәндер бойынша тапсырмалар құрастырды. «Мұғалімнің ең көп жіберетін 20 қатесі» тақырыбында лицей мұғалімдері өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп сауатты тұлға, заманауи мұғалім, заманауи сабақ моделі қандай болу керек деген сұраққа жауап берді. «Сабақ үрдісінде РВL жүйесін қолдану» тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін күнделікті тұрмыста қолдану арқылы жобалау жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері қарастырылды. «Сабақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында коучинг төрт тілде жүргізілді.
Семинардың үшінші бөлімінде: «Ұлттық қолөнер- эстетикалық тәрбиенің негізі», «Заманауи құрылғыларды қолдану», «Кітап айналымы» жобаларының көрмесі ұйымдастырылып, олардың функционалдық сауаттылықты дамытудағы рөлі көрсетілді.