Халық денсаулығы- ел байлығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция
2016 жылдың 29 қарашасында Теміртау медициналық колледжінде «Нәтижеге бағытталған білім кеңістігін үлгілеудің мәселелері мен болашағы» атты V облыстық ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Халық денсаулығы- ел байлығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып өткізілді. Конференцияға ҚО ББД ОӘО өкілдері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны-31, оның – 8-і баяндама оқушы.