Размер шрифта:
2016 жылдың қараша айынан бастап 2017 жылдың мамыр айына дейін Қарағанды облысы әкімі сыйақысының лауреаттары онлайн сабақтар өткізеді
10-05-2017 03:50

     Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының тапсырмасы бойынша озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында, соңғы 3 жылдағы Қарағанды облысы  әкімі  сыйақысының лауреаттары, республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары он-лайн сабақ, сыныптан тыс іс-шара, семинар, шеберлік сыныптарды кестеге сәйкес 2016 жылдың қараша айынан бастап 2017 жылдың мамыр айына дейін өткізеді (сейсенбі, сәрсенбі, жұма күндері).

     Кесте Қарағанды облысында білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығының сайтында «Ақпарат» айдарында орналасқан.

    Онлайн сабақтарға қосылу үшін http://1.sabak.kz. сайтын ашып, Karaganda_Obl_UMC бөлмесіне кіру қажет.