2016 жылдың 6 желтоқсанында Қарағанды көлік- технологиялық колледжінің базасында «Бизнес-мектеп жұмысын ұйымдастырудағы серіктестік мәселелері жөнінде» дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына ҚО ББД ОӘО өкілдері, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қарағанды агроремонт» АҚ, Қарағанды қ. халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысты.
Қарағанды көлік- технологиялық колледжінің директоры Сапарова Асель Сагинбаевна алғысөз және құттықтаумен дөңгелек үстел жұмысын басты.
Дөңгелек үстел барысында әлеуметтік серіктестер және колледж оқытушыларының тарапынан бірнеше баяндамалар оқылып, қатысушылар ой-пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар бірнеше мамандықтар бойынша автономдық бизнес-мектептердің жобалары ұсынылды:
1. «Қазіргі заманға сай оқу орталығын құрудың жобасы» – Оралов Б.;
2.«Дәнекерлеу құрылғыларын дайындау (торлар, қоршаулар, қоқыс бактары, есіктер,)» Борщев И. – 9 КСД-14-2 гр. тобының студенті
3. «Брусчаткаларды дайындау» – Анапиев А.