2016 жылдың 8 желтоқсанында Қарағанды тау-кен-индустриалдық колледжінің базасында «Дәнекерлеу ісі» бағыты бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен оқу-өндірістік шеберлерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізілді. Отырыс тақырыбы: «Тәжірибелік дағдыларға бағытталған модульді-құзіреттілік амалдар негізіндегі кәсіптік оқу мазмұнын әзілеу».
Қарағанды тау-кен-индустриалдық колледжінің директоры Г.И. Ивченко отырысты алғысөзбен ашып, қатысушылар жұмысына сәттілік тіледі.
«Дәнекерлеу ісі» бағыты бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен оқу-өндірістік шеберлерінің облыстық әдістемелік бірлестік жетекшісі Г.Е. Михайлова қатысушылар назарына аталған бағыт бойынша 2016-17 оқу жылына арналған жұмыс жопарын ұсынды.
Отырыс барысында үлгілік жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын маңыздандыру мәселелері қарастырылып, Қарағанды политехникалық колледжінің оқытушысы А. А. Никоненко техникалық пәндер бойынша курстық жұмыстарды жүргізу тақырыбында шебер-сынып өткізді.