«Жыл мұғалімі» облыстық байқауы
09-12-2016 13:20
«Жыл мұғалімі» облыстық байқауы

     Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында,педагог мамандығының мәртебесін арттыру, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін ынталандыру мақсатында 2016 жылдың желтоқсан айында «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының қорытынды кезеңі өткізілді.

    Байқау екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңде облыстың 18 қала/аудандарынан, мамандандырылған және арнайы мектеп-интернаттарынан барлығы 36 мұғалім қатысты. Байқауға қатысушылар өз пәндері бойынша сабақтар мен сабақтан тыс іс-шараларын көрсетті.

   Байқаудың екінші кезеңіне әділ-қазылар шешімімен 8 қатысушы өтті.

  Екінші қорытынды кезең келесі байқаулардан тұрады:

1. «Педагогтің визиттік карточкасы» шығармашылық байқауы

2.«Ашық микрофон»

3. Педагогикалық жағдаяттар

4. «Мұғалімнің демалыс күні» үй тапсырмасы

     Байқаудың әділ-қазылар құрамы 17 адамнан құралды: қоғамдық кеңес мүшелері, педагогикалық еңбектің ардагерлері, Нұр Отан, «Өрлеу» АҚ «НЗМ» ДББҰ, педагогикалық шеберлік орталығы, білім басқармасы, ББД ОӘО өкілдері және гуманитарлық колледждердің директорлары.

    Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар, жүлдегерлер бағалы сыйлықтар және мадақтамалармен марапатталды.

   Орындар келесі түрде бөлінді:

     Бас жүлде- 350 000 тенге -Аринова Дамеш Ариновна, Жаңаарқа ауданы Амалбеков ат. ЖББОМ жоғары санатты география пәнінің мұғалімі.

    1 орын- 200 000 тенге -Әлжан Бекзат Төкенқызы, Балқаш қаласы №2 мектеп-лицейінің екінші санатты математика пәні мұғалімі.

    2 орын– 150 000 тенге- Амантаева Баглан Амантаевна – Ұлытау ауданы №3 Амангелді ЖББОМ екінші санатты биология пәнінің мұғалімі.

    3 орын– 100 000 тенге – Фаленженский Станислав Андреевичоблыстық арнайы №1 ММИ информатика пәнініңмұғалімі.

   «Үздік сыныптан тыс жұмыстар»- 50 000 тенге-Тапенова Айнур Сагатовна– Нұрмақов ат. ММИ жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі.

   «Үздік үй жұмысы»- 50 000 тенге -Максименко Никита Валерьевич– Саран қаласы №17 ЖББОМ бірінші санатты тарих пәнінің мұғалімі.

   «Үздік сабақ» - 50 000 тенге – Кулик Ирина Юрьевна– Теміртау қаласы №1 гимназияның жоғары санатты химия пәнінің мұғалімі.

  «Көрермендер көзайымы»- 50 000 тенге- Калманбаева Асия Курметовна – Жезқазған қаласы №13 ЖББОМ жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі.