2016 жылдың 9 желтоқсанында Теміртау технологиялық колледжінде «Нәтижеге бағытталған білім кеңістігін үлгілеудің мәселелері мен болашағы» атты V облыстық ғылыми-практикалық конференциясы аясында «XXI ғасырдың маңызды мәселелеріне Қазақстандық жастардың заманауи көзқарасы» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция өткізілді.
Конференция қатысушылары: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлі-педагогикалық құрамы, Ювеналды полиция және
Конфессионалдық қатынастарды талдау және зерделу орталығы өкілдері. Қатысушылардың жалпы саны – 40.
ҚО ББД ОӘО әдіскері Еставлетова А.А. және бағыт бойынша ОӘБ жетекшісі Конакбаева А.Д. конференцияның пленарлық бөлімін ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар пленарлық бөлімде тақырыпқа сай баяндамалар тыңдалды:
· Аскарова А.Б. – Теміртау қ. ІІБ ювеналдық полициясының капитаны.
· Канаев Д.Ш – Конфессионалдық қатынастарды талдау және зерделу орталығының директоры.