2016 жылдың 10 желтоқсанында Абай көп салалы колледжінде «Аграрлық сектордағы кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Семинардың мақсаты:ауылшаруашылығындағы кәсіпкерлікті дамыту бойынша жастарға бағыт-бағдар беру.
Семинардың мазмұны төмендегідей сұрақтар төңірегінде өрбіді:
1. Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
2. Өсімдіктану ғылымының болашақтағы бағыттары.
3. Мал шаруашылығының болашақтағы бағыттары.
4. Ауылдық жердегі кәсіпкерліктегі жас мамандар үлесінің талдауы.
5. Кәсіпкерлік саласындағы жастар саясаты.
Семинарға аграрлық колледждердің педагогикалық қызметкерлері, «Жігер» алқалы жастар кеңесінің көшбасшылары, ауылшаруашылық кәсіпорындарының мамандары мен басшылары, аймақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 25.