Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары директорларының курсы
10-12-2016 08:45
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары директорларының курсы

     2016 жылғы 26 тамыздағы педагог қызметкерлердің тамыз кеңесінің «Білімді ел - мәңгі ел» шешімі бойынша Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2016 жылдың 14 қарашасынан бастап 10 желтоқсанына дейін «Заманауи мектепке дейінгі ұйымды басқарудың өзекті мәселелері» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың директорлар курсын ұйымдастырды. 

     Курсқа барлығы мектепке дейінгі ұйымның 164 басшысы, оның ішінде Қарағанды облысының 18 ауданы мен қалаларынан 7 топ қатысты (қазақ тілінде 4,  орыс тілінде 3)

     Оқу бағдарламасы балабақша директорлары жұмысының әртүрлі бағытын қамтыды. Олар: «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім мазмұнын жетілдірудің негізгі бағыттары», «Қазақстанда білім мазмұнын жаңарту», «Басшының имиджі білім ұйымының көшбасшысы ретінде», «Тұлғаны қалыптастыруға заманауи психологиялық көзқарастар», заңнамалық-еңбек мәселелері, мектепке дейінгі  ұйымдардың даму стратегияларын әзірлеу, мектепке дейінгі ұйым нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, «Мәнгілік ел» жалпы ұлттық құндылықтар, білім жүйесіндегі медиация, педагог қызметкерлерді аттестаттау мәселелері, мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету, білім беруде ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, командалық оқыту ұйымды дамытудың тиімді жолы ретінде, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары және т.б.  

    Атап айтқанда, оқыту кәсіби іскерлік негізде өтті. Мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары курс жұмысының жоғары деңгейде өткенін бағалады, мұндай курстардың қажеттілігі, әрі маңыздылығы  туралы және нақты жұмыс тәжірибесін жинағаны туралы атап айтты.