Размер шрифта:
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша жылдық семинар циклінен облыстың 23 мектебіне арналған семинар өткізілді.
13-12-2016 10:02
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша жылдық семинар циклінен облыстың 23 мектебіне арналған семинар өткізілді.

     2016 жылдың 13 желтоқсанында Қарағанды облысы білім басқармасының, Қарағанды қаласы педагогикалық шеберлік орталығы филиалы және Қарағанды қаласының химия-биологиялық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы арасында «Өзара ынтымақтастық туралы» меморандум аясында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша жылдық семинар циклінен облыстың 23 мектебіне арналған семинар өткізілді. Оқыту семинары Қарағанды қаласының №93 гимназиясы базасында өтті.

    Семинардың мақсаты ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді өңдеу, педагогикалық кадрлар даярлау, басқару қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерін ұғыну және «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ инновациялық тәжірибесін трансляциялау жағдайында көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін мектептермен ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.

    Семинар барысында мектеп мұғалімдері мен басшылары тақырыптық секциялар мен тренингтерге қатысты және «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша оқыту мен тәрбиенің негізгі элементтерімен танысты.