2016 жылдың 14 желтоқсаны күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтоғай ауданы Ә.Бөкейхан атындағы ЖББОМ базасында «Жаратылыстану-математика пәндері сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар болып өтті. Семинарға Қарағанды қаласы, Шет және Ақтоғай аудандарынан 47 мұғалім қатысты.
Семинар барысында педагогтер функционалдық сауаттылықты дамыту мақсатында өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, химия, биология, физика, математика және география пәндері бойынша 8 панорамалық сабақ, 2 шеберлік сынып, 3 коучинг өткізді.
Жаңаша үдеріспен сабақ өткізу - оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытуға, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі демекпіз