Размер шрифта:
2016 жылдың 15 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес физика пәнінің мұғалімдері үшін «Заттың салмағы.
15-12-2016 09:22
2016 жылдың 15 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес физика пәнінің мұғалімдері үшін «Заттың салмағы.

     2016 жылдың 15 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес физика пәнінің мұғалімдері үшін «Заттың салмағы. Салмақсыздық» тақырыбы бойынша оқушылардың жалпы оқу дағдысын  жетілдіруге бағытталған облыстық онлайн сабақ өткізілді. Онлайн сабақты Саран қаласы №6 ЖББОМ физика пәнінің мұғалімі Гордиенко Е.А. өткізді. Сабақ 7 сыныпта жүргізілді. Онлайн режимде сабаққа Қарағанды облысы бойынша 18 білім беру мекемелерінің физика пәнінің мұғалімдері қатысты.

    Сабақ коллаборативтік ортаны құруға мүмкіндік ашатын жаңа тәсілдерді қолдана отырып өткізілді. Бұл алға қойылған міндеттерді: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясымен туындайтын құндылықтарды қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын, командада жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді табысты шешуге жағдай туғызады. 

    Функционалдық сауаттылықты, сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру мен дамытуға бағытталған эксперименттік жұмыстар ХPLORER GLX құрылғылары арқылы жүргізілді.