Размер шрифта:
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында коллаборативті орта құруда жұптық және топтық жұмыстарды қолдану» тақырыбында облыстық семинар өтті.
15-12-2016 05:23
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында коллаборативті орта құруда жұптық және топтық жұмыстарды қолдану» тақырыбында облыстық семинар өтті.

     2016 жылдың 15 желтоқсанында Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы «Үштөбе жалпы орта білім беру тірек мектебі (РО)» КММ-де «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында коллаборативті орта құруда жұптық және топтық жұмыстарды қолдану» тақырыбында облыстық семинар өтті.

     Семинардың негізгі мақсаты - қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында коллаборативті ортаны құру, оқушылардың ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдыларын дамыту

      Бұл шараға Қарағанды, Шахтинск, Саран, Теміртау  қалалары, Абай, Шет,  Осакаров, Қарқаралы, Жаңаарқа, Бұқар жырау аудандарының мұғалімдері қатысты. Семинар барысында ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, шеберлік сыныптар өткізілді.

      Ботақара ұстазы А. Құмай  мен  Көкпекті  мұғалімі Жалелова М.А.  Үштөбе ОМ оқушыларымен сабақтар өткізді.

      Бір күнгі іс-шаралар топтамасы  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік белгісі – ұлы арман кемесі»атты әдеби-сазды бағдарламасымен жалғасын тапты. Семинарға жалпы 48 педагог қатысты.