2016 жылдың 21 желтоқсанында «М.Өтемісұлының өлеңдері бойынша әдебиет сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулудың тиімді жолдары» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.
21-12-2016 11:26
2016 жылдың 21 желтоқсанында «М.Өтемісұлының өлеңдері бойынша әдебиет сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулудың тиімді жолдары» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.

        2016 жылы облыс әкімінің сыйақысына өз педагогикалық еңбек нәтижелерін ұсынып,  «Кәсібіне адалдығы үшін» номинациясын жеңіп алған Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шмакова Кумис Камарияқызы өз іс-тәжірибиесімен бөлісу және жас мамандарға үлгі-өнеге көрсету мақсатында 2016 жылдың 21 желтоқсанында «М.Өтемісұлының өлеңдері бойынша әдебиет сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулудың тиімді жолдары» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

       Семинар «Қазақ халқының сан ғасырлық тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін көркем шығармада бейнеленетін құбылыстарды көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларын меңгерген, азаматтық көзқарасы айқын, адамгершілік, елжандылық қасиеттерді бойына жинаған интеллектуалдық, әлеуеті жоғары дара тұлға тәрбиелеу» мақсатында өтті.  Семинарға облыстың 21 мектеп ұжымы қатысты.