2012-2016 жылдарға арналған мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша Ұлттық жоспарды жүзеге асыру аясында Қарағанды облысы ББД ОӘО орталығында 2014 жылы құрылған «Жаратылыстану-математика бағытында функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары» атты облыстық «Іс-тәжірибемізбен бөлісеміз» атты жобасы өз жалғасын табуда.
2016 жылдың 21 желтоқсан күні, осы жоба аясында «Жаратылыстану-математика бағытында функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары» атты облыстық семинар Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында болып өтті. Семинарда жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша 5 панорамалық сабақ, «Оқушылардың функционалдық сауаттылықтылығын дамыту жолдары» бойынша шебер сыныптар мен коучингтар өткізілді. Семинарға мамандандырылған мектеп-интернаттарының және Қарағанды қаласының пән мұғалімдері, Ақтоғай, Шет аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.
Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асырылып келеді.