2016 жылдың 21 желтоқсанында Абай көп салалы колледжінде «Табысқа жету жолы» бизнес-мектебі ашылды.
21-12-2016 11:10
2016 жылдың 21 желтоқсанында Абай көп салалы колледжінде «Табысқа жету жолы» бизнес-мектебі ашылды.

    Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері  Баядилова Гульзат Какишевна бизнес-мектебінің ашылуына қатысушыларға сәттілік тілеп, алғысөзбен отырысты ашты.

    Абай көп салалы колледжінің оқытушысы, бизнес-мектебінің жетекшісіПоветина Г.Ф. «Кәсіпкерлік мектебінің міндеттері және негізгі жұмыс бағыттары» тақырыбында баяндама жасады.

    Сонымен қатар бизнес-идеялар жобасы ұсынылды:

    · «Ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыру» – Потапенко Р.,Вет-31 тобының студенті.

    · «Фермер шаруашылығын ұйымдастыру» - Абдрахманов А.,Вет-41 тобының студенті

     Аталған шараға яғни кәсіпкерлік-мектептің салтанатты ашылуына  Кәсіпкерлер палатасы Абай филиалының директоры Перегон С.Г. қатысты.