Жезқазған қаласының №13 орта мектебі базасында «Бейнелі карта» жобасы аясында «География сабағында интерактивті контурлы карта қолдану» тақырыбы бойынша облыстық семинар өткізді.
23-12-2016 11:54
Жезқазған қаласының №13 орта мектебі базасында «Бейнелі карта» жобасы аясында «География сабағында интерактивті контурлы карта қолдану» тақырыбы бойынша облыстық семинар өткізді.

     2016 жылдың 23 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Жезқазған қаласының №13 орта мектебі базасында «Бейнелі карта» жобасы аясында «География сабағында интерактивті контурлы карта қолдану» тақырыбы бойынша облыстық семинар өткізді. «Бейнелі карта» жобасында Жезқазған қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті тәжірибеде базалық ептілік пен дағдыларды интерактивті режимде қолдануға мүмкіндік беретін тиімді жұмыстың әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

     Жезқазған қаласының жетекші мұғалімдері панорамалық сабақтар көрсетті:

    -  Садырмекова Т.Р. - №13 орта мектебінің география пәні мұғалімі

    -  Андагулова З.Т. - №13 орта мектебінің география пәні мұғалімі

    -  Сарыбаева Р.Ө. - №13 орта мектебінің география пәні мұғалімі

Тренинг және коучинг арқылы жұмыс тәжірибесімен бөліскендер:  

- Ван А.В.- №13орта мектебі

- Кулдошина О.- №13орта мектебі

- Акшалова Ж.А. - №13орта мектебі

- Жаукумова А. - №7 мектеп-лицейі

- Рысмагамбетова А.- №11орта мектебі

Семинарға Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданынан барлығы 65 мұғалім қатысты.