«Оқу-тәрбие процессіндегі қосымша білім берудің ерекшеліктері мен деструктивті мінез-құлық формаларының алдын алу» тақырыбы бойынша (3-модуль) кезекті семинары өтті.
02-12-2014 11:26
«Оқу-тәрбие процессіндегі қосымша білім берудің ерекшеліктері мен деструктивті мінез-құлық формаларының  алдын алу» тақырыбы бойынша (3-модуль) кезекті семинары өтті.

         2014-жылдың 26, 27-28 қараша күндері «Оқы және үйрен!» кәсіби даму мектебі» 4-айлық жобасының «Оқу-тәрбие процессіндегі қосымша білім берудің ерекшеліктері мен деструктивті мінез-құлық формаларының  алдын алу» тақырыбы бойынша (3-модуль) кезекті семинары өтті. Семинарға Қарағанды, Балхаш, Сәтпаев, Шахтинск, Теміртау, Саран, Абай, Нұра және Осакаровка қала/аудандарының білім беру ұйымдарынан тәрбие жұмысын үйлестіруші әдіскерлер, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтар қатысты. Барлығы 88 адам қамтылды. Модераторлар: Г. С. Копбаева – ҚББжҰТИД бөлімі меңгерушісі; И.В. Павлова – ҚББжҰТИД әдіскері, С. М. Елешева – ҚББжҰТИД әдіскері.