Қарағанды облысының педагог – психологтары мен әлеуметтік педагогтарының шығармашылық зертханасы
2013 жылдан бастап ҚО ББД ОӘО іргесінде Қарағанды облысының білім беру мекемелерінің педагог – психологтары мен әлеуметтік педагогтарының шығармашылық зертханасы орыс тілінде өз жұмысын бастап осы күнге дейін жалғастырып келуде. Қатысушы мамандар белсенді, жігерлі, жоғары кәсіпқойлы, білім беру ұйымдарының педагог – психологтары мен әлеуметтік педагогтарының жұмыс мазмұны мен оны ұйымдастыруды жан – тәнімен қолдайды.
Зерттемеге білім беру ұйымдарының әртүрлі мекемелерінің өкілдері: жалпы және орта, балалар үйі, арнаулы (түзеткіш), гимназиялар, балабақшалар, балабақша – мектеп кешендері өздерінің баға жетпес үлестерін қосуда.
Зертхана «Оқыту – тәрбиелеу үрдісін әлеуметтік – психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу моделі» жобасын жүзеге асыруда зерттемелер жүргізуде, мақсаты: заманауи психологияның парадигмасы негізінде оқыту – тәрбиелеу үрдісін әлеуметтік – психологиялық – педагогикалық сүйемелдеудің инновациялық құрылымын жасау. Инновациялық қайта құру ОТҮ заттық ұйымдастыруға ғана емес, біріншіден ол психологтар мен әлеуметтік педагогтардың қызметіне бағытталған.
2013-02014 оқу жылдарындағы зертхана қызметінің қорытындысы болып облыстық мамандармен талап етілген «Оқыту – тәрбиелеу үрдісін әлеуметтік – психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу» мануалы, педагог – психологтар үшін 1ші басылымы жарияланды.
2014 -2015 оқу жылдарының қорытындысы болып білім беру ұйымдарының тәрбиелік жүйесіндегі барлық қатысушыларға өте пайдалы кітап болатын, педагог – психологтарға және әлеуметтік педагогтарға арналған екі мануал болмақ.