Размер шрифта:
«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйісіндегі математика, информатика пәндерінде АКТ-ны және көптілділіктің элементтерін қолдану» тақырыбында үш күндік оқу семинары басталды.
11-01-2017 10:35
«Техникалық және кәсіптік  білім беру жүйісіндегі математика, информатика пәндерінде АКТ-ны   және көптілділіктің элементтерін қолдану» тақырыбында үш күндік оқу семинары басталды.
       2017 жылдың 11 қаңтарында Қарағанды кәсіби - техникалық колледжінде информатика және математика пәндері оқытушыларына арналған «Техникалық және кәсіптік  білім беру жүйісіндегі  математика, информатика пәндерінде АКТ-ны және көптілділіктің элементтерін қолдану» тақырыбында үш күндік оқу семинары басталды. 
      Оқу семинарының мақсаты: кәсіби құзіреттілік дәрежесін арттыру. Семинарға жоспарланған үш күнде келесі тақырыптар қарастырылады:
 
      • «Көптілділікке көшу теориялық аспектілері аясында  колледж студенттеріне арналған жалпы білім беретін пән сабақтарында көптілдік элементерінің қолданылуы» 
      • «Көптілділік -  қазіргі заманғы білім берудің басымды алғышарттарының бір түрі ретінде: қазіргі жағдайы және болашағы»
      • «Арнайы және жалпы білім берілетін пән сабақтарында ақпараттық-білім беру технологияларын қолдану жолдары»
      • «Компьютерлік құрылғыларды техникалық жөндеу және қызмет көрсету» мамандығы бойынша көптілділікті қолдану»
      • «Қолданбалы арнайы бағдарламалар негізінде сабақ жоспарында  АКТ пайдалану»
      • «Сабақ барысында көптілділік элементтерін ойын түрінде қолдану»
      • «Интернет жүйесі негізінде сабақ жоспарында  АКТ пайдалану»
      • «Интернет желісіндегі халықаралық білім беру ресурстары»
      • «Көптілділік элементерін  Блум ойлау дағдысы токсономитриясы бөлімінде қолдану»
 
      Семинарға 37 колледжден 55 оқытушы қатысуда.