2017 жылдың 11 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 2016-2017 оқу жылының ІІ жартыжылдығының қызметін жоспарлау сұрақтары бойынша семинар-кеңес болып өтті.
11-01-2017 10:46

        Семинар-кеңеске білім беру бөлімдері әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарлары қатысты.

       Семинар-кеңес барысында білім беру ұйымдарының түлектерін қорытынды аттестаттау, үш тілді білім беруді енгізу аясында мұғалімдерді оқыту, НЗМ тәжірибесін тарату, ШЖМ дамыту Жол картасын жүзеге асыру, облыстық жобаларды жүзеге асырудың аралық нәтижелері және басқа да көптеген мәселелер қарастырылды.

       Семинар-кеңес отырысының қатысушылары алдында Қарағанды қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының директоры О.Г.Сурначева сөз сөйледі. О.Г.Сурначева жаңартылған білім беру аясында критериалды бағалау мәселелері бойынша түсінік беріп, педагог қызметкерлерінің жиі туындайтын сұрақтарына жауап берді.